Мектеп педагогтерінің кәсіби қажуының алдын алу, эмоционалдық саулығын сақтау, психологиялық төзімділігін арттыру және өзін-өзі қолдау дағдыларын дамыту мақсатында мектеп әкімшілігі мен педагог-психологтардың ұйымдастыруымен «Кәсіби қажудың алдын алу және оны жеңу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренинг барысында педагогтерге кәсіби қажу ұғымы, оның пайда болу себептері мен белгілері туралы теориялық ақпарат берілді. Сонымен қатар, мұғалімдер арасында Маслачтың кәсіби қажу сауалнамасы жүргізіліп, алынған нәтижелерге талдау жасалды. Нәтижелер педагогтердің эмоционалдық күйі, тұлғалық жетістіктер деңгейі және деперсонализация көрсеткіштері бойынша қарастырылды.
Талдау нәтижесінде кейбір педагогтерде эмоционалдық шаршау белгілерінің бар екендігі анықталып, олардың психологиялық жағдайын жақсарту мақсатында арнайы тренингтік жаттығулар ұйымдастырылды.