18.04.2026 жылы Іле ауданы, Боралдай кенті, К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінде білім ордасының 40 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Атаулы шараға мектептің бұрынғы директорлары, зейнеткер ұстаздар, әр жылдардағы түлектер және құрметті қонақтар қатысып, білім ордасының қалыптасу жолы мен жетістіктері туралы жылы естеліктерімен бөлісті.
Мерейтой барысында мектептің тарихы мен бүгінгі жетістіктері насихатталып, ұстаздар еңбегі жоғары бағаланды. Қонақтар білім мен тәрбие беру жолындағы ұстаздардың еңбегіне алғыстарын білдіріп, жас ұрпаққа ақжарма тілектерін арнады. Шара әсерлі концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп оқушылары мен түлектер өз өнерлерін көрсетті.
18.04.2026 жылы Іле ауданы, Боралдай кенті, К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің 40 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шаралармен ерекшеленді.
Мерекелік бағдарлама аясында қонақтар мен түлектерге арналған түрлі ойындар өткізіліп, мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар білім ордасының тарихымен, жетістіктерімен және қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.
Салтанатты кеш барысында мектептің әнұраны шырқалып, бұл сәт мерекенің ерекше рухын айқындай түсті. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұсынылып, оқушылар мен түлектер өз өнерлерін көрсетті. Кеш барысында мектеп өмірінде орын алған қызықты оқиғалар айтылып, әсерлі естеліктермен бөлісу сәттері ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара мектеп ұжымы мен түлектердің басын қосып, ортақ мақтаныш пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.