Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Мемлекеттік мекемесінің "К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебі" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі"
Жүгіру жолы
Мемлекеттік мекемесінің "К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебі" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі"
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Іле ауданы, Боралдай кенті, К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінде «Мен үлгі тұтатын тұлғалар» тақырыбында 9–10 сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Аталған шараға Ауған соғысының ардагері, Боралдай кентінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Иманкулов Мухамедәлі Орманқұлұлы және Боралдай кентінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шорманов Нұрлан Амангелдіұлы арнайы қатысып, өз өмір жолдары туралы тағылымды әңгімелерімен бөлісті.
Кездесу барысында құрметті қонақтар оқушыларға елге қызмет етудің маңыздылығы, адамгершілік құндылықтар, еңбекқорлық пен отансүйгіштік қасиеттер туралы құнды ойларын жеткізді. Сонымен қатар, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, ақ баталарын берді.
Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар, танымдық әрі әсерлі іс-шара болды. Оқушылар ардагерлердің өмірлік тәжірибесінен үлгі алып, рухани құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Құрметті қонақтарымызға уақыт бөліп, жастар тәрбиесіне қосқан үлестері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.